Қалада тұмау! Тұмауға уақыт жоқ болса, не істеу керек?

 

Тұмау – өзіңді сезіну онша емес секілді, бірақ аурухана парағын ала алмайтын жағымсыз проблема: жұмысты, дедлайндарды, есептер мен кездесулерді не істейсің? Бір қарағанда түкке тұрмайтын ыңғайсыздық әсіресе белсенді өмір салтын ұстанатын үлкен шаһарлардың тұрғындары үшін қолайсыз жағдайлар мен жайсыздықтың көп санын өмірге әкелуге қабілетті.

Жағымсыз симптомдардың кесірінен жақындарыңмен және әріптестеріңмен араласу, тамақтану және ұйықтау қиынға айналады. Организм оттегінің жеткіліксіздігін сезінеді, бұл бас ауыруына, зейіннің нашарлауына және жалпы дімкәстікке әкеліп соғады. Ауызбен тыныстауға тура келеді, бұл жұтқыншақ пен астыңғы тыныс жолдарының жұқпаларының туындау тәуекелін жоғарылатады және мұның бәрі қызыл мұрынды және оның айналасындағы тітіркенуді ілестіреді.

Тұмаудың классикалық симптомдары әркімге белгілі:

• Мұрынның бітелуі

• Бас ауыруы

• Түшкіру

• Мұрыннан сора ағуы

• Көзден жас ағуы;

Іскерлік кездесу, шұғыл сұрау немесе маңызды мәжіліс – тұмау мұның барлығын оңай тыюға қабілетті. Енді міне, клиенттің алдына мұрны қызыл, бір десте қағаз майлық ұстаған және басы қақсаған, кәсіпқой ретінде қабылдау қиын адам келеді. Тіпті поштадағы хатқа жауап беру секілді қарапайым іс-әрекет иұмау кезінде қиынға соғады.

Ал егер кездесу болса ше? Және ең керексіз сәтте жымысқы тұмау басталады да, кетті дейсің бәрі: дәм мен иісті сезіну жоғалады, тіпті кейде есту қабілеті де жоғалады, ең қуанышты көңіл-күйдің өзін тұмау бүлдіруі мүмкін екенін айтпаса да болады. Бұл жерде енді араласу, кино немесе кафе жайына қалады.

Қатарға тезірек қайтып оралу және өз-өзіңді сезінуді жақсарту үшін не істеуге болады?

Күтудің керегі жоқ: мұрынның бітелуі пайда болған бірінші күннен бастап, тұмауға қарсы жылдам әрі қуатты құралдарды пайдаланыңыз. Емдеу неғұрлым ерте басталса, ауру да соғұрлым жеңіл және жылдам өтеді. Мұрын спрейі 25 секундтан бастап әсер етеді және мұрынның бітелуін 12 сағатқа дейін жоя алады, сіз жеңілдегенді бірден сезінесіз және әдеттегі өмір салтын ұстана аласыз.

Бүгінгі мұрын спрейлері сіздің офисте, лифтте, үйде немесе автомобильде болғаныңызға қатыссыз, кез келген жерде пайдалану үшін ыңғайлы нысанға ие. Називин сіз маңызды оқиғалардан алаңдамауыңыз және тұмауға бола жоспарларыңызды өзгертпеуіңіз үшін, тұмауды елеусіз қылуға көмектеседі.



 
ПРЕПАРАТ ТАҢДАҢЫЗ
Әрбір жас үшін өз Називині® бар. Сәбиіңіз үшін бәрінен артық келетінін таңдаңыз.

СІЗ
БІЛЕСІЗ БЕ...

 


Називин 25 секундтан бастап әсер етеді!

«Називин» тұмауға қарсы құралына мұрынның біту симптомдарына және сора ағуына әсер ету үшін жырты минуттан кем қажет. Ал қанша 

Дереккөз: Називин 0,05% мұрын спрейін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық