Жиі қойылатын сұрақтар

Ешқандай айырмашылық жоқ. Екі термин де бір нәрсені – мұрынның шырышты қабығының қабынуы синдромын білдіреді. Тек ринит – дәрігерлер қоғамдастығында қабылданған тұмаудың медициналық синонимі.

Мұрынның бітелуі, түшкіру, мұрынның қышуы, сора ағу, мұрын тұсындағы ауырлық секілді риниттің бірінші көріністері кезінде емделуді бастау керек2

Тұмауды емдеуді «жасыл» сора басталғанша 3-4 күн кұтпей, симптомдар пайда болған бірінші күннен бастау қажет, өйткені бұл кезеңде бактериялық жұқпаның шырышты қабыққа қосылуы жүреді және тұмау қабыныстардың – гаймориттер мен синуситтердің даму тәуекелімен одан көрі ауыр нысандарға көшуі мүмкін2. Називин емделудің бірінші күнінен бастап қолданылатын кезде, тұмаудың ұзақтығын 2 күнге қысқартуға мүмкіндік бар1

Қабыныстар мүлдем әр түрлі болуы мүмкін және риниттің ауыр нысанынан кейін, сондай-ақ созылмалы сатысында пайда болады. Көбінесе дұрыс емделмеген кезде гайморит немесе синусит – мұрынның қосалқы қуыстарындағы және мұрын аймағындағы немесе маңдай бөлігіндегі ауырсыну сезімдерімен сипатталатын қабыныстық процестер өрбиді. Сондай-ақ жиі қабыныс отит – ортаңғы және ішкі құлақтағы қабыныстық процестер болып табылады. Отиттер құлақ жарғағының аймағына ауру туғызатын микроорганизмдердің түсуінен арандатылуы мүмкін. Отиттің негізгі симптомдары құлақта білінетін ауырсыну сезімдері, жоғары температура, жалпы дімкәстік болып табылады5

Риниттің қабыныстарына патологиялық процестер:

  • иіс сезудің нашарлауы; мұрынның шырышты қабығының тітіркенуі мен құрғақтығы;
  • мұрын жолдарынан, әсіресе балаларда қан кету;
  • евстахий түтікшелері аймағындағы ісіну;
  • фронтит, бронхит, тонзиллит 
  • ми қызметінің әлсіреуі, жадының нашарлауы, зейіннің төмендеуі және басқасы жатады.5

НеБұл пікір негізсіз емес, бірақ тамыр тарылтатын тамшылар мен спрейлерді орынды пайдалану ісікті және мұрынның бітелуін жоюдың және қабыныстардың алдын алудың негізгі және тіпті альтернативасыз тәсілі болып табылады. Бұл препараттар мұрын қуысы тамырларын тарылтудың есебінен ісікті жылдам жойып, сонысымен мұрынмен тыныс алуға мүмкіндік береді және мұрын маңындағы қуыстар мен евстахий түтікшесінің сағалар қосылыстарының өткізгіштігін сақтайды. Називин қабылдаудан кейін 25 секундтан бастап әсер етеді, мұрын бітелуін жояды және білінетін әсерін 12 сағатқа дейін сақтайды1

Жергілікті тамыр тарылтатын құралдарды ұзақ уақыт (7 күннен астам) пайдалану тахифилаксияның (дағдыланудың), яғни, препараттың тиімділігінің төмендеуінің, ал оны пайдалануға қажеттіліктің үдеуінің және тұрақтыға айналуының тәуекелінің өрбуіне әкеліп соғады3

Тамыр тарылтатын препараттар ілгері-кемді дәрежеде қан ағымына сіңірілуге қабілетті және жүйелі әсер етуі: артериялық және көз ішіндегі қысымды жоғарылатуы, ал балалаларда, әсіресе кішкентай жастағы балаларда ауыр токсикалық реакциялар болуы мүмкін. Бұл дәрі-дәрмекті пайдалану кезінде артериялық гипертензиясы, глаукомасы және қалқан тәріздес бездің функциясы жоғары адамдар сақ болуға тиіс. (5)Препараттардың концентрацияларын пациенттің жасына сәйкес қолдану керек. Називин ғұмырының алғашқы жылынан бастап, жасы әр түрлі пациенттер үшін үш концентрацияда ұсынылады. Сондай-ақ, дозаны асырудан сақтану үшін, Називин пайдаланудың тәулігіне 2- 3 рет еселігін сақтау керек1

Мұрынға тамшылау тамшылардың нақты санын мөлшерлеу үшін белгілі бір машықты қажет етеді, ал тамшылату техникасының өзі оларды үйден тыс қолдануды қиындатады. Сонымен қатар, тамшылардың мұрын қуысының орнына жұтқыншаққа түсуінің тәуекелі бар. Називин тамшыларының қолданудың ыңғайлығы үшін градустелген тамшуыры бар. 

Спрейлерді пайдалану кезінде шырышты қабық біркелкі суланады, басқан кезде дәрінің қатаң белгіленген дозасы бөлініп шығады. Спрей қоғамдық орында пайдалануға ыңғайлы.

Називин – барлық жастағы пациенттер үшін шығарудың ыңғайлы және қолжетімді нысаны: нәрестелерге арналған тамшылар, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тамшылар, ересек адамдар мен 6 жастан балаларға арналған тамшылар, барлық тамшылардың пайдалануға ыңғайлы болуы үшін қақпақша-тамшуыры бар. Називин легінде сондай-ақ ересек адамдар мен 6 жастан балаларға арналған спрей бар.

Називин Сенситив – заманауи дозаларға бөлу жүйесі бар премиалдық спрейлер легі. Називин Сенситивтің құрамында консерванттар жоқ, бұл жағымсыз реакциялардың өрбу тәуекелін төмендетеді және шырышты қабыққа биязы әсерге ие4

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сай, Називинді балалардың қолы жетпейтін жерде, 30° градустан аспайтын температура жағдайында үш жылдан асырмай сақтау керек.

Балалардың мұрынның шырышты қабығы әлдеқайда сезімтал, сәбилер қабыныстардың өрбуіне көбірек бейім және тұмау респираторлық аурулардың аясында ауырырақ жүруі мүмкін. Називин Сенситив тің құрамында консерванттар жоқ, бұл мұрынның шырышты қабығына биязы әсерді қамтамасыз етеді, ал Називин мұрын тамшыларының дозаны асыру тәуекеліне жол бермеу үшін, градустелген тамшуыры бар1

Тұмауға қарсы құралдардың көбісінің құрамында консерванттар, мысалы, мұрынның шырышты қабығына теріс әсер етіп, тітіркену мен құрғақтық туғызатын Бензалконий хлориды болады. Сонымен қатар, консерванттардың бар болуы шырышты қабықтың функциясын бұзуға қабілетті4. Називин Сенистивтің құрамында консерванттар жоқ, бұл жағымсыз құбылыстардың өрбу тәуекелін айтарлықтай төмендетеді1