Мұрынды жуу: өзіңізді коронавирустан қалай қорғауға болады?

Бірнеше айдың ішінде бүкіл әлем коронавирус туралы білді. Жаңа ауру адамдар үшін өте қауіпті болып шықты, сонымен қатар ол біртіндеп ғаламшарға таралды, ал оған қарсы вакциналар мен дәрі-дәрмектер әлі де дайын емес. Алайда, жеке гигиена ережелері мен дәрігерлердің қосымша ұсынымдарын ұстанған жағдайда әр адам өзін вирустан қорғай алады.

 

Мұрын гигиенасын ұстану коронавирустан қорғауға қалай көмектеседі?

 

Коронавирус ауа тамшыларымен, сондай-ақ науқас адаммен байланыста болғанда таралады. Инфекция денеге тері арқылы емес, көздің, мұрынның және ауыздың шырышты қабаттары арқылы енеді. Дәрігерлердің кеңесі осыларға негізделген: қолыңызды сабынмен мүмкіндігінше жиі жуыңыз, антисептик қолданыңыз, кір қолыңызды бетіңізге тигізбеңіз.

 

Алдын алу шараларының аясында мұрын гигиенасына ерекше назар аудару ұсынылады. Мұрындағы шырышты қабыққа тиген вирус мұрын сұйықтығымен тыныс алу жолына еніп, оларға әсерін тигізеді. Мұрын қуысын уақтылы жуу сізге шырышты қабықта зиянды микроорганизмдер пайда болса да, инфекциядан аулақ болуға мүмкіндік береді.

 

Мұрынның ішкі астарында үнемі антисептикалық қасиеті бар шырыш пайда болады. Бұл субстанция мұрын қуысын біркелкі жауып, ағзаны деммен жұтылатын зиянды заттар мен вирустардан қорғайды. Мұрынның іші шырышты жұтқыншақ бағытына жылжытатын микроскопиялық цилиямен бүркілген.

 

Эпидемия кезеңінде зиянды микроорганизмдер шырышты қабатта орналасады. Егер оларды үнемі сол жерден жойып отырсаңыз ауырып қалу қаупі айтарлықтай азаяды. Шамадан тыс құрғақтық шырышты қабықтың жұмысын бұзады да вирустар тыныс алу жолдарына еркін енеді. Сондықтан мұрын қуыстарына ылғалдандыру қажет болады.

 

Вирустық инфекцияның алдын алу үшін дәрігерлер тамақ пен шырышты қабықтарды ылғалдандыруды ұсынады. Бұл әсер әсіресе жылыту кезеңінде болады, өйткені осы кезде бөлмелердегі ауа көбінесе құрғақ болып тұрады.

 

Барлық вирустардың берілуінің негізгі механизмі ауамен жүреді, алайда байланыс жолы маңызды рөл атқарады. Вирус қоздырғыштарына деген сезімталдық барлық адамға әмбебап болып табылады.

 

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты көпшілікке арнаған ұсыныстары )

 

Тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтаңыз (бұдан әрі мәтінді анимациялауға болады).

 

Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды майлықпен немесе шынтақ буынымен жабыңыз; майлықтарды дереу қақпағы бар қоқыс контейнеріне тастаңыз және қолдарыңызды құрамында спирт бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынды сумен жуыңыз.

 

Бұл не үшін қажет? Жөтелу және түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабуы вирустар мен басқа да ауыру қоздырғыштардың таралуына жол бермейді. Егер сіз жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрныңыз бен аузыңызды қолыңызбен жаасаңыз, микробтар сіздің қолыңызға, содан кейін сіз ұстаған заттарға немесе адамдарға жұғу мүмкін.

 

СІЗ
БІЛЕСІЗ БЕ...



Адамдардың қорылмен күрескеніне 120 жыл болыпты!

Қорылға қарсы алғашқы өнертабыс АҚШ Патенттік комитетімен 1874 жылы тіркелген, және содан бері ондайлардың 300-ден астамы жасалған! Қорылдың себептерінің бірі тұмау болып табылады, мұндай жағдайда, ұйқыға жатардың алдында Називинді байқап көріңіз Називин 12 сағатқа дейін әсер етеді!

Дереккөз: http://www.stepandstep.ru/catalog/know/146875/fakty-o-dyhanii.html