Нәрестелердің тұмауы. Бөпені тұмауға қарсы құралдармен емдеу керек пе?

 

Нәрестенің мұрнының бітелуі – одан көрі естияр балаларға немесе ересек адамдарға қарағанда, мүлдем басқа проблема.
Бөпелердің тұмауын емдеуде ата-аналар көбінесе тұмауға қарсы құралдарды пайдалану кезінде жағымсыз құбылыстардан қауіптеніп, мұрынды теңіз суының ерітінділерімен шаюмен шектеледі. Алайда, бөпелер мұрын құрылысының анатомиялық ерекшеліктеріне және тамыр тарылтатын препараттардың әсерлерін қабылдағыш мұрынның шырышты қабығының жоғары сезімталдығына байланысты тұмауды ауырырақ көтеретінін есте сақтау қажет.3.
Бітелген мұрын нәрестенің тыныстауын айтарлықтай қиындатады, шырышты қабықтың ісінуін туғызады, сәбидің көңіл-күйін түсіреді және ұйқысын бұзады. Бірақ ең бастысы, ринит (сондай-ақ тұмау) синусит немесе отит секілді қабыныстарымен қауіпті, сондықтан тамыр тарылтатын құралдармен уақытылы және дұрыс емдеу кез келген жастағы балалар үшін қажет.1.
Алайда, ғұмырының алғашқы жылындағы балалар үшін тұмауға қарсы құралды таңдау едәуір елеулі мәселе болып табылады және бұл мәселеде препараттың қауіпсіздігі мен көтерілгіштігі бірінші орында тұрады.

Сонымен қатар, бірқатар факторларды ескеру қажет1 :

  • · 0 жастан бастап балалар үшін қолдануға тіркелген көрсетім
  • · Нәрестелерге арналған препараттың минималды тиімді концентрациясы
  • · Дозалар мен емдеудің ұзақтығын қатаң сақтау
  • · Препараттың қауіпсіздігі мен көтерілгіштігі
 

Бүгін Ресей нарығында 0 жастан асқан балаларға пайдалану үшін мақұлданған тамыр тарылтатын препараттар өте аз. Називин® 0,01 % мұрын тамшылары нәрестелер үшін арнайы жасалған және ғұмырының алғашқы күндерінен бастап қолдануға мақұлданған. Називин 0,01% мұрын тамшылары Називин құралдарының легінде минималды концентрацияға ие, ал градустелген қақпақша-тамшуырының бар болуы анағұрлым дәл дозаларға бөлуді қамтамасыз етеді.
Називин® кішкентай жастағы балалардың қатысуымен клиникалық зерттеулердің көп санын өтті және қауіпсіздік пен тиімділіктің барлық талаптарына сәйкес.1-2.

БАЛАҚАЙҒА ПРЕПАРАТ ТАҢДАҢЫЗ
Әрбір жас үшін өз Називині® бар. Сәбиіңіз үшін бәрінен артық келетінін таңдаңыз.

СІЗ
БІЛЕСІЗ БЕ...

Тыныс келбетке ықпал етеді!

Біздің келбетіміз өзіміздің қалай дем тартынымызға және шығаратынымызға байланысты. Мысалы, егер бала кезден бастап жақты алға шығарып, ауызбен тыныстау дағдысы болса, онда тістесу және тіпті беттің сырт әлпеті бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда, брекеттердің көмегімен өзгертуге тура келуі әбден ықтимал.

Дереккөз:

https://www.cosmo.ru/health/your_health/legkoe-dyhanie-26908/